Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген ойынында «Астана» мен «Атырау» командалары арасындағы ойын соңы командалардың жаппай тәртіпсіздігімен аяқталды.
Ойын кеше Алматыда өтті. Тартысқа толы болған матчта «Астана» 3:2 есебімен жеңіске жетіп, 3 ұпай еншіледі. Елордалық команда жеңіс голын қосымша уақыт аяқталар тұста пенальтиден соқты.
Матч соңы қос команданың қақтығысымен аяқталды. Даудың неден басталғаны белгісіз. Ойын соңындағы пенальти мен гол, төреші шешімі мен басқа да факторлар ойыншылар мен жаттықтырушылардың жүйкесін жұқартса керек.
22 тур қорытындысы бойынша «Астана» 43 ұпаймен турнир көшін бастады. Екінші орындағы «Қайратта» 41 ұпай бар. Премьер-лиганың аяқталуына 2 тур қалды.