Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Аймақ

Өзенмұнайгаздың қаржысын жымқырған компания басшысы ұсталды

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Кезби» ЖШС атқарушы директоры Ербол Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы («аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарады деп күдіктелуде.

«2021 жылы «Кезби» ЖШС «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттар жасасты.

Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Алайда, қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайларды жұмсамай жымқырған», — деп жазды ведомстводан.

2024 жылғы 3 қарашада күдікті Е.Кезбаев ұсталды.

Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Сәйкес жаңалықтар

Оралда әйел бұрынғы күйеуін өлтіру үшін 2 миллион теңгемен адам жалдаған

bairakkz

Арқалықта ақбөкеннің етін сатқан адам 3,6 жылға сотталды

bairakkz

Шерзаттың өлімі: қылмыстық іс қандай баптар бойынша жүріп жатыр?

bairakkz