Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстанда ипотекалық несие көлемі өсуде

Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елдегі ипотекалық несие көлемі 5,8 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға өскен, деп хабарлайды LS сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша салыстыратын болсақ, ипотекалық несие рәсімдеу көлемі бойынша Астана көш бастап тұр – 1,7 трлн теңге (2023 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда 13,3%-ға артуда).

Ең үлкен өсім Шымкент пен Алматыда байқалды – сәйкесінше, 17%-ға өсіп, 315,1 млрд теңгеге және 16,7%-ға артып, 1,4 трлн теңгеге жеткен.

Сонымен қатар, тұрғын үй несиелерін Қарағанды (374,5 млрд теңге, +11,6%), Ақтөбе (244,3 млрд теңге, +9,7%), Шығыс Қазақстан (188,6 млрд теңге, +10,2%) және Павлодар облыстарының (173,9 млрд теңге, +11,1%) тұрғындары белсенді түрде рәсімдеген.

Ең аз ипотекалық несие көлемі Ұлытау (10,02 млрд теңге, +67%) және Жетісу облыстарында (41,3 млрд теңге, +100%) тіркелді.

Сәйкес жаңалықтар

Ұлытау облысында 15 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды

bairakkz

ЖҮЛДЕЛІ ЖЕТІСУ

bairakkz

Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы 17 млрд текше метрге жуық су жіберілді

bairakkz