Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза болды

Түркістан облысының «Жетісай-Жібек Жолы» тасжолында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза болды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты «ВАЗ» маркалы автомобильдің «Вольво» жүк көлігімен соқтығысуынан болған. Оқиға болған жерде жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапқан.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және облыс жолдарында мұқият болуға шақырады», — делінген хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

Серік Жұманғарин елдегі азық-түліктің неге қымбаттағанын түсіндірді

bairakkz

Ерке Есмахан 40 жасқа толуына орай Raim-ның не сыйлағанын көрсетті

bairakkz

Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды

Ришат