Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

«Барыс» қатарынан бесінші матчта жеңілді

Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының аясында сырт айдында Мәскеудің ЦСКА клубымен кездесті.

Сарапшылар айдын иелерін фаворит санаған, солай болды да.

Ғалым Мәмбеталиев айдынға мына құрамды шығарды:

Бояркин (Шутов) — Бекетаев-Камалов, Бочаров-Николишин-Панюков; Хохлов-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Бурдасов; Королев-Оразов, Савицкий-Мухаметов-Муратов; Гайтамиров-Бутенко, Рахманов-Шайхмедденов-Оспанов.

Алғашқы кезеңде мәскеуліктер бір голмен алға шықты. Ал екінші таймда осы есеп өзгеріссіз қалды. Есесіне үшінші тайм басталысымен ЦСКА ойыншылары шабуылға лап қойып, астаналықтардың қақпасына шайбаны екі голды тоғытты. Қонақтар сапынан тек Бурдасов бір голмен жауап қатты. Осылайша, «Барыс» қатарынан бесінші матчта жеңіліс тауып отыр – 3:1.

Енді 4 желтоқсанда «Барыс» өз айдынында Мәскеудің «Спартак» клубын қабылдайды.

ЦСКА (Мәскеу, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)

Шайбалар:

1:0 — 10:47 Мамин (Афанасьев, Исхаков)

2:0 — 40:21 Фатеев (Мамин, Охотюк)

2:1 — 55:39 Бурдасов (Әсетов, Өмірбеков)

3:1 — 57:47 Окулов (Каменев)

Қақпашылар: Просветов — Бояркин

Сәйкес жаңалықтар

БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ

bairakkz

«ҚПЛ»: БІРІНШІ ЛИГАДА 15 КОМАНДА ОЙНАЙДЫ

bairakkz

Қазақстанда енді шекарадан өтетін тасымалдаушыларға тексеріс қиындатылады

bairakkz