Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Атырау әкімі Пшөн атты иттің өліміне қатысты пікір білдірді

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында су тасқыны кезінде желіде танылған Пшөнді атып кеткендерге қатысты пікір білдірді.

Серік Шәпкеновтің сөзінше, бұралқы иттердің көбеюіне қатысты жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Кейін Жайық өзенінің жағасынан Пшөннің де өлексесі табылған екен.

“Бұл жаңалықты бүгін БАҚ-тан көріп, анықтап көрдім. Оқиға Махамбет ауданында болған. Пшөн деген итіміздің видеолары әлеуметтік желіде тараған еді. Бұл жағдай 28 қарашада болған. Ауыл тұрғыны шағым түсіріп, бұралқы иттер жүрген соң үйіне кіре алмай жатқанын айтқан. Нәтижесінде мамандар келіп, иттерді уақытша ұйықтататын дротикпен атқан. Кейін Жайықтың жағасынан Пшөннің өлексесі табылды. Қазір бұл дерек бойынша арнайы қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Серік Шәпкеновтің айтуынша, аймақта бұралқы иттерді аулау кезінде заңға сәйкес ұйықтататын дәрілер қолданылады.

«Егер ит агрессивті болса, жойылады. Ал негізі стерилдеуден өткен соң бұралқы иттер қайта бостандыққа жіберіледі», – деп қосты облыс әкімі.

Сәйкес жаңалықтар

«В» тобындағы айқас, сұрмергендер көшін бастады

bairakkz

Үкіметте қант зауытының жобасы таныстырылды

bairakkz

Өнері озық елдің өрісі кең болады – Дулат Тастекей

bairakkz