Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Хутор» деген бандалық топ шынымен бар ма? Облыс әкімі жауап берді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те Талғарда «Хутор» атты бандалық топтың жоқ екенін, ондай ұйымдасқан қылмыстық топтың тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды  bairak.kz.

Шерзат Болаттың өлімінен кейін Талғарда Хасан басқаратын «Хутор» атты бандалық топ бар деген ақпарат желіде көп жазылған еді.

Бұл жағдай барша елдің назарын Талғар ауданына бұрды. Мұнда 250 мың адам тұрады. Талғар ауданы облыста ғана емес, Қазақстан бойынша экономикалық тұрғыдан тез дамып келе жатқан аудан. Өнеркәсіп 11 пайызға, инвестиция 44 пайызға өсті. Бюджет, салықты жинау үш есе өскен. Аймақ қарқынды дамуда. Ал криминалдық жағдай бойынша айтар болсам, құқық қорғау органдары нақты жауап береді, — дейді әкім.

Ол ұйымдасқан қылмыстық топ деп тану үшін критерийлер бар екенін айтты.

Топтың белгілі мақсаты болу керек. Құқық қорғау органдары мұның ешбірі жоқ екенін мәлімдеді. Аймақтың әкімі, тумасы ретінде айтамын. Сондықтан «Хутор» деген ұйымдасқан топтың жоқ екенін мәлімдеймін, — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сәйкес жаңалықтар

Қызылжарда қар жауып, боран соқты

bairakkz

Сарқан ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері ең бірінші болып дауыс берді

bairakkz

Қанша қазақстандық мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алды

Ришат