Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Спорт

World Boxing 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізеді

World Boxing халықаралық федерациясы 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізу туралы ресми түрде жариялады, деп хабарлайды  bairak.kz.

Бұл әлемдік біріншілік халықаралық жарыс күнтізбесіндегі маңызды оқиға болмақ, себебі турнир 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында ұйымдастырылады.

Чемпионаттың өткізілу мерзімі мен ұйымдастыру жұмыстары туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады.

2027 жылы Олимпиада алдында өтетін бокстан әлем чемпионатын өткізу – Қазақстан үшін үлкен мәртебе, әрі жауапкершілік. Біздің ел ірі халықаралық спорттық жарыстарды жоғары деңгейде өткізуде мол тәжірибеге ие және бұл турнир де сол дәстүрден тыс қалмайтынына сенімдімін. Олимпиада алдындағы бұл чемпионаттың маңыздылығын түсіне отырып, World Boxing ұйымына білдірген сенімі үшін алғысымды айтамын, – деді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин.

Айта кетейік, Қазақстан тарихта екінші рет бокстан әлем чемпионатын қабылдайды. Бұған дейін 2013 жылы Алматыда ерлер арасында әлем чемпионаты өткен еді.

Сәйкес жаңалықтар

Нариман Құрбанов: Пәтерге де, көлікке де ақша табамын

bairakkz

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Минскіде екі алтын медаль жеңіп алды

bairakkz

Абай облысындағы бәйге рекордтар кітабына енді

bairakkz