Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды bairak.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді-қар, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Тек еліміздің батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. 21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қатты қар күтіледі.

23 желтоқсанға жақын, Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Сәйкес жаңалықтар

Өнері озық елдің өрісі кең болады – Дулат Тастекей

bairakkz

Жетісу облысында үш бірдей әлеуметтік маңызды нысан іске қосылды

bairakkz

Елімізде «Береке Fest» республикалық акциясы басталды

bairakkz