Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Лукашенко президент сайлауына тағы да түсетін болды

Минскіде Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды bairak.kz.

Отырыста Беларусь Республикасының президенттігіне кандидаттарды тіркеу туралы шешім қабылданды:

Гайдукевич Олег Сергеевич;
Канопацкая Анна Анатольевна;
Лукашенко Александр Григорьевич;
Сыранков Сергей Александрович;
Хижняк Александр Николаевич.
Естеріңізге сала кетейік, Беларусь президентін сайлау 2025 жылдың 26 қаңтарына жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, Александр Лукашенко Беларусь президенті лауазымында 1994 жылдың 20 шілдесінен бері отыр. Осы аралықта ол алты мәрте президент сайлауына түсіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Сәйкес жаңалықтар

Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесуге ниет білдірді

bairakkz

Дзюдодан Қазақстан Чемпионатының екінші күні аяқталды

Ришат

Тоқаев бұрын дипломат болып жұмыс істеген Сингапурға оралғанына қуанышты екенін айтты

Ришат