Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

ШҚО-да пара алған шенеунік сотталды

ШҚО-да облыстық экология департаментінің басшысы сотталды, деп хабарлайды bairak.kz.

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының соты облыстық экология департаментінің басшысы Д.Әлиевке, жергілікті тұрғын М.Жұрқабаевқа және кәсіпкер К.Длюжевскийге қатысты үкім шығарды.

Әлиев пара алғаны үшін, Жұрқабаев делдалдық жасағаны, ал Длужевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен шенеунік 4 жылға, қала тұрғыны 1 жыл 6 айға, кәсіпкер 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарын атқаруға тыйым салынды», — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: pixabay.com

Сәйкес жаңалықтар

Зарина Дияс Франция ашық чемпионатының келесі кезеңіне өтті

Ришат

ЖЕТІСУДА МАЛШЫЛАР АТПЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz

«Iphone, чипсы, кока-кола алмаңдар». Депутат ақшасын босқа құртатындарға үндеу жасады

bairakkz