Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Түркияда емделіп жатқан Ербаян Мұхтарға қатысты қуанышты хабар айтылды

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Стамбұлда емін жалғастырып жатыр. Құқық қорғаушы Инга Иманбай  Ербаянның денсаулығына қатысты соңғы жаңалықтарды бөлісті, деп хабарлайды bairak.kz.

Оның айтуынша, емдеу процесі оң нәтижелер беріп жатыр әрі дәрігерлердің болжамы жақсы. Бұрынғы сарбаздың басына ота сәтті жасалып, инфекциядан толық айыққан. Оның өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Ұзақ әрі нәтижелі емнің арқасында айтарлықтай оң өзгерістер байқалған.

 Катетері мен мұрнындағы зонд алынды. Салмақ қосып, робот арқылы қимылдай бастады. Өзі аздап тамақ іше бастады. Дәрігерлердің болжамы жақсы, бірақ толық оңалуға әлі уақыт керек. Емі Стамбұлда жалғасып жатыр, — дейді Инга Иманбай.

Сондай-ақ адвокат Ербаянға жігер, ата-анасы мен жақындарына сабыр тілеп, қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс білдірді.

Ербаянның жақындары оның денсаулығы үшін қолдау білдірген барлық жанға алғыс айтты.

Бұл жетістіктер сіздердің қолдауларыңыздың арқасында. Жақсылықтан үміт үзбейміз!, — деп жазды ол.

Сәйкес жаңалықтар

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

bairakkz

Ақмола облысында газ жарылысынан 3 адам қаза тапты

bairakkz

Қазақстан спортшысы әлем кубогында топ жарды

bairakkz