Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Өскемендегі ауа сапасына қатысты әкім жағдайды түсіндірді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Үкімет отырысында Өскемендегі ауа сапасын жақсарту үшін не істейтінін айтты, деп хабарлайды bairak.kz.

Өскемен қаласында соңғы кездері ауаның сапасы өте нашар. Өскеменнің экологиясына географиялық, климаттық, антропогендік шарттар әсер етеді. Нақтырақ айтқанда, қала сайда орналасқанына байланысты және қыста қала маңында тұрған екі су электр станциясы дәл Ертіс өзенінде орналасқан. Қыстың өзінде ауа райы қандай аяз болса да су ешбір уақытта қатпайды. Соның әсерінен температураның өзгерісіне байланысты қала ішінде ылғал, дымқыл шыға береді. Жылына шамамен 180 күн жел болмайды, он шақты күн қолайсыз метеожағдай туғызады, — дейді Көшербаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қалада қазір мыңнан астам кәсіпорын бар, оның ішінде оны – ірі кәсіпорын. Ал жалпы облыста 70 мыңнан астам кәсіпорын тіркелген.

Көшербаев автокөлік пен жер үйлердегі пештер де ауаны ластап отырғанын атап өтті.
«Біздің климатымызға қарай 365 күннің 204 күні жылу беру маусымын құрайды», — дейді ол.
Облыс басшысының айтуынша, Өскемендегі өнеркәсіптік кәсіпорындар қала шегінде орналасқан. Экология департаменті мен Қазгидромет жүргізетін мониторингке сәйкес, қалада қазір ауаны ластайтын 49 мың тонна қалдық шығады. Ең көбі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Жылу электр орталығына тиесілі. Мәселен, «Қазмырыш» 23 мың тонна, ал Өскемен ЖЭО-дан 14 мың тонна қалдық тарайды.

Біз кәсіпорындардың эмиссиясынан шамамен 4 млрд теңге жинап отырмыз. Бұрын бұл қаражаттың есебінен қалада атмосфераны жақсарту үшін ешқандай нақты шаралар қолға алынбаған. Ал енді біз осы ақшаға ауаны жақсарту шараларын қаржыландырамыз, — деді Көшербаев.

Фото: Primeminister.kz

Сәйкес жаңалықтар

Әнші Ақбота Сейітмағамбет қасиетті Мәдинадан фото жариялады

bairakkz

Қазақстандық спортшылар жартасқа өрмелеуден Азия чемпионатының жүлдегері атанды

bairakkz

«Барыс» бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаған – Антикор

bairakkz