Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Спутниктің көмегімен елімізде 4,5 мыңға жуық қоқыс үйіндісі жойылды

Спутниктік суреттер Қазақстандағы 4,5 мыңға жуық қоқыс үйіндісін жоюға көмектесті, деп хабарлайды bairak.kz.

Спутниктік технологиялар заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуде тиімді қаруға айналды. Экология және табиғи ресурстар министрі Үкімет отырысында стихиялық қоқыс үйінділерінің анықталғаны туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» деректері негізінде аумақтық экология департаменттері әрбір жағдайды тіркеп, әкімдіктерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беретінін хабарлады. Былтыр ғарыштан түсірілген суреттер 4,8 мыңға жуық заңсыз үйілген қалдықтарды анықтауға көмектесті. Олардың барлығы дерлік жойылды.

Қазіргі уақытта министрлік басшылығы осы бағыттағы жұмысты күшейту бастамасын көтеріп отыр. Атап айтқанда, ведомство жетекшісі Нұрлан Нысанбаев елді мекендерге ғарыштық мониторинг жүргізуді қамту аймағын, сондай-ақ ғарыштық түсірілімдерді өткізу жиілігін кеңейтуді ұсынды.

Сәйкес жаңалықтар

Перзентханадағы аналар да өз таңдауын жасады

bairakkz

Алматыда «100 өлең-2024» республикалық көркемсөз оқу байқауы өтті

bairakkz

Ақмола облысында газ жарылысынан 3 адам қаза тапты

bairakkz