Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Cәкен Бибосынов бокстан ұлттық құрама сапынан шықты

Бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері әрі әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ұлттық құрама сапынан шықты, деп хабарлады bairak.kz.

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мұның себебін түсіндірді.

Сәкен Азия чемпионатының алдында арқасынан жарақат алды. Сондықтан ол алда болатын оқу-жаттығу жиындарына қатыспайды, деді бас бапкер.

Бокстан ұлттық құрама Испанияға оқу-жаттығу жиынына аттанғалы жатыр. Кейін боксшыларымыз Болгарияда өтетін дәстүрлі Странджа кубогіне қатысады. Келген соң Ресейде оқу-жаттығу жиынынан өтіп, бапкерлер құрамы бірінші және екінші нөмірлі боксшыларды анықтайды.

Еске салайық, Сәкен былтырғы Париж Олимпиадасында да, Таиландта өткен Азия чемпионатында да ширек финалда жеңілді.

Фото: ҰОК

Сәйкес жаңалықтар

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАЙЫҚ!

bairakkz

САЙЛАУҒА ОРАЙ САРҚАН АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЛАҢЫНДА СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР ӨТТІ.

bairakkz

«Тұрғынүйлерге ұлттық нақышта реңк беру, суағар орнату мен қалалық газет ашу»: Әбілқайыр Байпақов сұрақтарға жауап берді

bairakkz