Бұрынғы ішкі істер министрінің орынбасары, қазіргі сенатор Марат Қожаев аулада көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу жайлы нормаға пікір білдірді, деп хабарлайды Bairak.kz.
Ол аталған жазаны алып тастауды қолдамайтынын мәлімдеді. Өйткені оның барлығы халықтың игілігі үшін қабылданған заң екенін айтады. Сенатор ескі көлік иелері жаңасын алғанша айыппұл төлеп жүре тұрсын деген пікірде.
Қоғам болған соң көршінің де жайын ойлау керек. Бұл не үшін істелді? Аулада көлікті бұрқыратып оталдырып қойып, адамға зиян келтіретін қорған оксиді деген сынды зиянды заттарды көп бөлмесін дегені. Дарылдап тұрған көлік кішкентай баланың мазасын алмауы қажет. Осындай дүниелер заңмен реттелуі керек. Әйтпесе қоғам мүшелері ойына келгенді істей берсе, одан да қиын жағдайға түсеміз, — дейді Марат Қожаев сенаттың кулуарында.
Ол көлікті қыздыруға 5 минут молынан жетеді деп санайды.
5 минут толығымен жеткілікті. Жыл сайын көліктердің көліктердің техникалық сипататмасы өзгеріп жатыр. Заманауи көліктер арнайы push-start жүйесімен жабдықталған. Бұл дегеніміз – көлік тоқтаған кезде, мысалы бағдаршамда тежегішті бассаңыз, көлік қозғалтқышы сөнеді. Ал тежегішті жіберсеңіз, қозғалтқыш қайта іске қосылады. Бұл техникалық шешім не үшін қажет? Атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды азайту үшін жасалған, — дейді депутат.
Тілшілер Қожаевтан «Жигули, Лада сияқты ескі көліктері бар жүргізушілер не істейді?» деп сұраған еді.
Иә, көліктердің техникалық жағдайы көңіл көншітпейтін көліктер бар. Олар уақыт өте келе бұл көліктердің пайдалану мерзімі біткенде, техникалық талаптарға сай келетін жаңаларына ауысады. Ал ескі көліктер белгілі уақыттан кейін қолданыстан шығарылады. Оған дей егер ережелерді бұзатын болса айыппұл төлейді,- деді сенатор.
Фото: pixabay.com