Америкалық БАҚ орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралуы мүмкін деген күнді атады, деп хабарлайды bairak.kz.
Top Rank ұйымдастыратын кеш 5 сәуірде өтеді деген болжам бар.
Sport+ басылымы Әлімханұлының айқасы Астана қаласында ұйымдастырылады деп топшылап отыр.
Бұған дейін Әлімханұлы өзіне абсолютті чемпион атағы керектігін мәлімдеген еді. Сонымен қатар ол жекпе-жек уақыты белгілі екендігін де айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы шаршы алаңға соңғы рет 2024 жылғы 4 қазанда Сиднейде шығып, тоғызыншы раундта жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутқа түсірді.
Фото: Gettysport