Қаңтар оқиғасын ұйымдастырды деп сотталған Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Елена Жигаленок желідегі парақшасында үндеу жасады, деп хабарлайды bairak.kz.
Оның айтуынша, қорғауындағы азаматты әртүрлі өңірлердегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелеріне ауыстырып, олардың қорғау және әділ сот құқығын өрескел бұзған.
Адвокаты Елена Жигаленоктің жазбасында 2025 жылғы 27 қаңтарда Арман Жұмагелдиевке, Қайрат Құдайбергенге, Бердах Бекетовке және басқа да айыпталушыларға қатысты үкім жарияланғаннан кейін, біздің 37 қорғауымыздағы азаматты Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі ҚАЖК басқа мекемелеріне ауыстырғаны туралы айтылған.
«Мен – Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, Елена Жигаленок Лаврентьевна. Қазір ұлттық адам құқықтары орталығында азаматтарды қабылдап отырмын. Бұл Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың кеңсесі. Мұнда өз шағымыммен келдім. Жалпы Арман Жұмагелдиев пен Арман Үсеновтың мүддесін қорғап жүрмін. Бірақ бұл шағым ортақ, өйткені бізде бір жалпы проблема бар. 27 қаңтарда Арман Жұмагелдиев пен тағы 43 адамға қатысты сот үкімі шыққанын барлығыңыз білесіздер. 37 адам сотталды. Менің ойымша, оларға шамадан тыс, тым қатаң жаза тағайындалды», – деп үндеу жасады адвокат.
Елена Жигаленоктің сөзінше, оларды қорғау құқығынан, әділ соттан айырып, азаматтардың конституциялық құқықтарын өрескел бұзды.
«Бірақ бұл ғана емес. Үкім 27 қаңтарда шамамен 12:00-де жарияланды, ал түстен кейін-ақ барлық 37 адамды басқа түзету мекемелеріне ауыстырып жіберді», – деді құқық қорғаушы.