Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Есімім орысша болғанымен таза қазақпын — Ресейде тұратын боксшы Сергей Липинец

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец (18-3-1, 13 КО) Лондондағы атақты стадион «Уэмблиде» өткен бокс кешінде нокаутпен жеңілді.

Ол жергілікті боксшы Адам Азиммен (12-0, 9 КО) жұдырықтасты. IBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеу сарапқа салынған жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақта (63,5 кг дейін) өтті.

Липинец үшінші раундта нокдаун алды. Ал төртінші және жетінші раундтарды төреші Азимнің ұпайын шегерген болатын. бірақ британиялық жас боксшы бәрібір де өз дегенін істеді. Ол тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл Липинец үшін мансабындағы төртінші жеңіліс және екінші рет мерзімінен бұрын қарсыласына есе жіберді.

Адам Азим болса, спорттық карьерасындағы 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ  IBO тұжырымы бойынша өз дивизионында чемпион атанды.

Айта кетейік, Сергей Липинец Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында дүниеге келген. Бірақ қазір Мәскеу облысында тұрады.

«Мен Қазақстанда туып өстім. Мәртөкте әжем және басқа да көптеген туысым тұрады. Аты-жөніме қарап таңқалмаңыздар, бірақ мен таза қазақпын. Өйткені өгей әкемнің тегін алғанмын. Атам руым уақ, орта жүз екенімді айтқан. Әкем де, шешем де қазақ», — дейді Сергей Липинец.

Фото: James Chance/Getty Images

Сәйкес жаңалықтар

ЖҮЛДЕЛІ ЖІГІТТЕР

bairakkz

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

bairakkz

«Сушидан уланып қайтыс болды». Рамазан Амантайдың әйелі мәлімдеме жасады

bairakkz