Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

2025 жылы Қазақстанның халқы қанша адамға көбейді

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамды құрады, деп хабарлайды bairak.kz.

Оның ішінде:
қала тұрғындары – 12 774 743
ауыл тұрғындары – 7 511 341

Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен — 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%.

Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).

Сәйкес жаңалықтар

Сенім ақталмады

bairakkz

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

bairakkz

Батыс Қазақстанда бір үйдің бес баласы қайтыс болды

bairakkz