Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы болды

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті. Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0, деп хабарлайды Bairak.kz

Шайба авторлары:
Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд)
Дмитрий Бреус (21:02)
Роман Старченко (37:59)
Кирилл Панюков (42:24)
Кирилл Панюков (44:23)

Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).

Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.

Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.

Сәйкес жаңалықтар

Қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды

bairakkz

Астанадағы стадион құрылысына 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

bairakkz

Тоқаев Желдібайды жаңа қызметке тағайындады

bairakkz