Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық істе 100-ден астам том бар

Перизат Қайратқа қатысты 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс наурыз айында аяқталады, деп хабарлайды bairak.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

Іс аяқталу сатысында тұр. Жақын уақытта біз тергеудің аяқталғанын ресми түрде жариялап, наурыз айының соңына қарай тараптардың іс материалдарымен танысу кезеңіне өтеміз. Іс материалдарымен танысу қанша уақытты алады – нақты айту қиын, себебі бұл қылмыстық процеске қатысушыларға байланысты. Істе 100-ден астам том бар, оған қоса заттай дәлелдер де бар, – деді Елемесов мәжіліс кулуарында.

Жеңіс Елемесовтің айтуынша, сот Перизат Қайратқа қатысты қамау мерзімін ұзартты, қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Азиада: Қазақстан хоккейшілері жартылай финалға шықты

bairakkz

Түркия мен Ресейдегі отандастарымыз сайлауға белсенді қатысуда

bairakkz

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА ӨМІР». Жетісу облысында перзентханада дауыс берілді

bairakkz