Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Әйелдердің мерекесінде бір реттік әлеуметтік төлем үлестіріледі

Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды bairak.kz.

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады, — делінген хабарламада.

 Әкімдіктің дерегінше, Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша, көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны – 53 936.

Фото: gov.kz

Сәйкес жаңалықтар

ЕКІ ЖЫЛҒА СОЗЫЛАТЫН ТУРНИР

bairakkz

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасынан кетті

bairakkz

Бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды

bairakkz