Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

БҚО-да жол апатынан 3 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында бүгін жол апатынан 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға сағат 10:30-дардың шамасында Казталов-Жәнібек жолының 111 шақырымында болған, деп хабарлайды  bairak.kz.

БҚО полиция департментінің ақпаратынша, Орал қаласынан 447 шақырым жердегі Өнеге ауылының маңында «Ford Focus» көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан жүк көлігін басып озбақ болған. Бірақ қарсы бағыттағы «Chevrolet Cobalt» автомобилін аңғармаған. Екі көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан «Ford Focus» жүргізушісі мен «Cobalt» көлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Жол апатына ұшыраған «Ford Focus» көлігіндегі 4 жолаушы қазір түрлі дене жарақатымен Жәнібек аудандық ауруханасына жеткізіліпті.

Фото: ТЖМ

Сәйкес жаңалықтар

Құлсарыда балтамен шабуыл жасаған оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен кетті

bairakkz

Тоқаев Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

bairakkz

Лев Черепанов Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

bairakkz