Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Өзбекстан боксшылары финалда үш қазақ жігітін жеңді

Бокстан Болгария астанасы Софья қаласында дәстүрлі «Странджа» кубогы аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте топ жарды. Бірақ өзбек боксшыларымен кездесуде барлық жерлестеріміз ұтылды, деп хабарлайды  bairak.kz.

Осымен 76-шы рет өткен жарыста Қазақстан сапынан Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов 86 (келі) чемпион атанды.

Өкінішке қарай, финалда бірнеше боксшымыз өзбекстандық қарсыластарынан жеңілді. Атап айтсақ, 54 келі салмақта Тимур Қабдешов Шахзод Музафаровқа есе жіберді. Одан кейін 80 келідегі Ерасыл Жақпеков Фазлиддин Еркінбоевтан, аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай Жахонгир Закировтен айласын асыра алмады.

Дегенмен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 1-орын алды. Жүлделер саны бойынша да қара үзді. Алтын бойынша Өзбекстанмен тең болғанымызбен, күмістен Қазақстан озық шықты.

Қазақстан биылғы жарыста ең үздік көрсеткішін тіркеді.

Алтын алғандар:

Ертуған Зейнуллин (63,5 келі)

Төрехан Сабырхан (67 келі)

Абылайхан Жүсіпов (71 келі)

Сабыржан Аққалықов (75 келі)

Бекзад Нұрдәулетов (86 келі)

Күміс алғандар:

Даниял Сәбит (51 келі)

Тимур Қабдеш (54 келі)

Серік Теміржанов (60 келі)

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі)

Фарух Тоқтасынов (71 келі)

Тимур Нұрсейітов (75 келі)

Ерасыл Жақпеков (80 келі)

Нұрбек Оралбай (86 келі)

Айбек Оралбай (+92 келі)

Қола алғандар:

Теміртас Жүсіпов (48 келі)

Оразбек Асылқұлов (57 келі)

Талғат Сырымбетов (60 келі)

Данияр Рахымбердиев (92 келі).

Сәйкес жаңалықтар

Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

bairakkz

Офицердің қызы әкесінің арқасында гинекологты аямай ұрып тастады

bairakkz

«Басқа ақша жоқ». Бектенов Қосшы қаласының басшыларына ескерту жасады

bairakkz