Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

«Бұрын үйленген, баласы бар»: Танымал тележүргізуші болашақ күйеуінің өткені туралы айтты

Танымал тележүргізуші Диана Скатова күйеу жігіті Сұлтан Нұрбеков туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды bairak.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Сұлтанды үйленген деп ойлайтындар көп екен.

«Осы орайда айта салайын. Қанша адам Сұлтан үйленген, бала-шағасы бар деп ойлап жүр. Негізі жоқ. Кезінде өзім әлеуметтік желіге Сқлтан өзге біреудің баласын көтеріп жүргенін көріп, видеоға түсіріп алып: бұл Сұлтанның баласы, үйленген деп, салған едім. Өтірік түсіре салған — мен. Қазір сол сторисім өзіме қарсы шығып жатыр. Сен Сұлтанды жанұясынан алып кеттің, дейді. Жоқ, олай емес. Үйленбеген, баласы жоқ, иншАлла», — деді тележүргізуші.

Желі қолданушылары тележүргізушінің бұл әрекетіне түрлі пікір қалдырды.

«Баласы бар деп өтірік айтып, өзің қызғанған екенсің ғой. Не деген жоспар», «Қыздар жазбасын деп әдейі істегенсің ғой», «Сондықтан ауызға ие болу керек», «Сұлтанды білмеймін. Сенің өзің ажырасқан екенсің, бір балаң бар сол рас па?», «Сұлтандай жігіт қарағанына жүрегің жарылып жүрген шығар», — деп жазды олар.

Коллаж: ozgeris.info

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан футбол федерациясының президенті сайланды

bairakkz

ҚОРЖЫНДА — ТӨРТ КҮМІС, ТӨРТ ҚОЛА

bairakkz

Алматы метросындағы қайғылы оқиға: “Абай“ бекеті уақытша жабылды

bairakkz