Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Әуежайда қызметкерді кепілге алған ер адам екі айға қамауға алынды

Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайындағы адамдарды кепілге алған ер адамның әрекетіне қатысты алғаш рет түсініктеме берді, деп хабарлайды bairak.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, сөмкесінде бомба барын айтып, жолаушыларды қорқытқан.

Болған жағдайға қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды:

  • Кепілге алу (қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігі, 4-тармағы) – мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді;
  • Қару қолданып бұзақылық жасау (қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
  • Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (қылмыстық кодекстің 273-бабы) – 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды.

Күдіктіге қатысты екі айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Фото: Видеодан кадр

Сәйкес жаңалықтар

Туристік саладағы мәселелер бойынша бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

bairakkz

Абай еліне рухани тарту: екі бірдей маңызды кітаптың тұсаукесері өтті

bairakkz

Текті түзету – текке кеткен шаруа емес

bairakkz