Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Кәрім Мәсімовтің үйі аукционға қойылды

ҚР ҰҚК

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің заулім сарайы қайта бәссаудаға қойылды, деп хабарлайды bairak.kz.

Бастапқы бағасы өзгеріссіз — 1,8 млрд теңге. Кепіл жарнасы — 117,9 млн теңге.

Сауда түрі: Бағаны көтеру бойынша аукцион

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 28 наурызға дейін

Аукционның басталу уақыты: 2025 жылғы 28 наурыз, таңғы сағат 10:00

Мәсімовтің бұл үйі ақпанның соңында да аукционға шығарылған, алайда оны сатып алушы табылмады.

Үй Астана қаласының Қараөткел шағын ауданында орналасқан. Екі қабатты үйде жертөле де бар. Ал үйдің айналасындағы аумақ көлемі — 1,2188 гектар.

Құжаттарға сәйкес, онда ресепшн, бассейндер, бильярд бөлмесі, бірнеше көлік тұрағы және ондаған бөлме бар.

Сәйкес жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ — МИХАЛ БИЛЕК

bairakkz

Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

bairakkz

“Ұшақтан түсіріп жіберді“. Гүлзира Айдарбекова әуежайда оқыс оқиғаға тап болған

bairakkz