Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

«Ғашықпын»: Әйкерім Қалаубаеваның жазбасы көпшілікті ойландырып қойды

Танымал отандық әнші Әйкерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды bairak.kz.

Әнші желідегі парақшасында актер, әнші Нұрлан Әлімжанмен вальс билеген видеосын жариялап, адамзатқа деген махаббат туралы жазба қалдырған.

Шіркін! Адам баласының бәрі «өтірік», «ірін-бірі алдау», «сыртынан балағаттау» дегендердің не екенін білмесе ғой… Мына әлем қандай керемет болар еді! Әрқашан бір-біріне сенім артқан жандар, еш боямасыз бейнелер, шынайы сезімдер мен ақ қағаздай таза да пәк өмір, бейкүнә періштедей адамдар..

Иә, иә, осындай шынайылықты армандаймын! Бүкіл адамзат ондай болмаса да, менің жанымда, айналамда сондай жандардың жүргенін қалаймын! Қасымдағылардың жүздерінен қаталдық, арамдық, өтірік, қулық сияқты дүниелерді көргім келмейді! Мен өз тарапымнан айналама арай шашқым келеді! Ешкімнің көңіліне дақ түсірмей, бәріне қорған бола алмасам да, әрқашан қолдау таба алатын жан болғым келедi… Мен адамдардың бәрін сүйемін, бәріне ғашықпын, бәрін жақсы көремін! Бұл — менің шындығым»… деген екен, Арай деген ару… деп жазды ол.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Текелі қаласындағы №445 сайлау учаскесінде Текелі қаласының Құрметті азаматы, ардагер дәрігер Александр Владимирович Сидехменов қашанғы әдеті бойынша бірінші болып дауыс берді.

bairakkz

Жұмысынан айырылуына байланысты 180 мыңнан астам адам төлем алды

bairakkz

Тоқаевтың шақыруымен елімізге Ресей Президенті Владимир Путин келеді

bairakkz