Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

Фото: instagram/bayanmaxatkyzy

Белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Instagram-Stories-те жұбайы Тұрсынның кіші қыздарымен түскен әсерлі суреттерін жариялады, деп хабарлайды bairak.kz.

2025 жылғы 11 сәуірде жарияланған кадрлардан Алиса мен Алманың біршама өсіп қалғанын байқауға болады.

Айта кетейік, бұл суреттер ұшақ ішінде түсірілген. Бұған дейінгі Stories жазбасында Алагөзова Ыстамбұлда ауа райының суық екенін айтқан. Демек продюсер жұбайымен және кішкентай қыздарымен бірге демалысқа аттанған сияқты.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың жазында Баян Алагөзова көпбалалы ана атанды. 5 тамыз күні дүниеге келген қызын ол Алиса деп атаса, 19 тамыз күні продюсер төртінші қызының дүниеге келгенін айтып, оған Алма деген есім қойды.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда IV Республикалық денсаулық сақтау басшыларының форумы өтті

bairakkz

АЛТЫНШЫ ОРЫН АЛДЫ

bairakkz

Шымкентте өрттен зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерге қол жеткізді

bairakkz