Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Шерзат өлімі бойынша сот отырысын сынаған блогерлерге ескерту жасалды

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын сотқа қысым жасамауға шақырды, деп хабарлайды bairak.kz.

Судья сот отырысын ескертуден бастады. Сөзінше, іске мүлдем қатысы жоқ тұлғалар сот талқылауы мен тергеуге қатысты жеке пікірін білдіріп, субъективті баға беруге құқығы жоқ.

Констуцияның 75-бабының 1-тармағына сәйкес, сот төрелігін тек сот іске асырады. Сот ісіне қандай да бір араласуға жол берілмейді. Заңды тәртіпте ол үшін жауапкершілік қарастырылған. Үкім заңды күшіне енгенге дейін сот процесін түсіндіруге, құқықтық баға беруге берілмейді. Сот бәрін жан-жақты, объективті зерттеуге міндетті. Істі қарайтын судья тәуелсіз және объективті, жеке мүдделілігі болмауы және біреудің ықпалына түспеуге тиіс. Ол бәрін заң аясында шешеді. Сот тергеу сатысында, қорытынды үкім шығарылған жоқ, – деді судья.

Фото: Видеодан скрин


Сәйкес жаңалықтар

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

bairakkz

АҚШ Украинаға көрсетілетін әскери көмекті тоқтатты

bairakkz

Сәкен Майғазиев ұлының үйленетінін әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты

bairakkz