Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Ақтауда екі баланы көлік қағып кетті

Ақтауда екі жеткіншекті көлік қағып кетті. 3 оқушы жаяу жүргінші жолағы арқылы жолдан өтпек болған, деп хабарлайды bairak.kz.

Алайда қатты жылдамдықпен келген автокөлік алдында келе жатқан екі баланы қағып өткен. 11 және 12 жастағы жасөспірімдер жедел ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.

Оқыс оқиға бүгін Шығыс-2 мен Шығыс-3 ықшамаудандары арасындағы жол учаскесінде болды. Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаменті хабарлады. Екі жасөспірім Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі ес-түссіз күйде жатыр.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі комада жатыр.

2013 және 2014 жылы туған балалар жол апаты салдарынан бас-ми жарақатын алған. Жағдайлары ауыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер қажетті тексерулер жүргізіп, шұғыл көмек көрсетіп жатыр, – деп хабарлады ведомство.

Фото: Видеодан скрин

Сәйкес жаңалықтар

ЕЛІМІЗДІҢ НАМЫСЫН КЕНИЯЛЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР ҚОРҒАЙДЫ

bairakkz

Қазақстандық алты боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

bairakkz

Kinopark желісі отандық фильмдерден заңсыз жарна алғаны анықталды

bairakkz