Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Ақмола облысында әкесі мен баласына найзағай түсіп, мерт болды

1 маусым күні Ақмола облысының Зеренді ауданында мал бағып жүрген ер адам мен оның ұлына найзағай түсіп, екеуі де оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды bairak.kz.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиға әкесі мен ұлы мал бағып жүрген сәтте болған.

Облыстық полиция департаменті бұл жайт бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.

 Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Фото playbookpro.ru

Сәйкес жаңалықтар

ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕН ҚОС МЕДАЛЬ

bairakkz

ПСЖ әлемнің ең қымбат футболшыларын алмастыратын ойыншылар таңдап қойды

bairakkz

Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталды

bairakkz