Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Қырғызстанда Диснейленд салынады

Қырғызстанның туризмді қолдау қоры

Әлемдегі ең танымал парктерді салушы әйгілі америкалық IdeAttack, Inc. компаниясы Қырғызстанда халықаралық деңгейдегі тақырыптық парк салмақ, деп хабарлайды bairak.kz. Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Туризмді қолдау қоры мен Чу ауданының әкімшілігі америкалық IdeAttack, Inc. компаниясымен меморандумға қол қойды.

Қордың ақпараты бойынша, Чу облысы Тоқмақ қаласындағы ауданда парк салу үшін халықаралық стандартқа сай 50 гектар жер телімі бөлінді.

Келіссөздер 2024 жылдың басынан басталған.

Тоқмақ паркі не ұсынады:

· Орталық Азиядағы фэнтези стиліндегі сәулет құрылысы;

· Манас эпосы негізіндегі аттракциондар;

· Ұлы Жібек жолының бойы;

· Музыка, би, театрландырылған қойылым негізіндегі шоу-бағдарлама;

· Кийіз үй тігу, киіз басу, атқа міну, ұлттық тағам бойынша шеберлік сабақтары.

 

Сәйкес жаңалықтар

12 млн теңге айыппұл. Түркістан облысында қызғалдақ терген әйелдің басы дауға қалды

bairakkz

«Басқа ақша жоқ». Бектенов Қосшы қаласының басшыларына ескерту жасады

bairakkz

Жамбылдық әйел туыстарының атына 22 млн теңге несие алған

bairakkz