Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында 7 тонна қоқыс жиналды

Шымкент қалалық әкімдігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы ел көлемінде кең қолдау тауып, түрлі өңірлерде ауқымды іс-шаралармен жалғасуда, деп хабарлайды bairak.kz.
Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халықтың санитарлық-экологиялық сауаттылығын арттыру.
Осыған орай, бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Шымкент қалалық әкімдігі
Іс-шараға аудан әкімдігінің, түрлі мекемелердің қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Бұл жұмыстарға жалпы саны 100 адам атсалысып, қаланың тазалығы үшін белсенді түрде атсалысты. Сонымен қатар, қоқыс пен құрылыс қалдықтарын шығаруға арналған 5 арнайы техника тартылды.
Тазалық барысында келесі жұмыстар атқарылды:
•Аудан аумағында жалпы санитарлық тазалау;
•Құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тасымалдау;
•Қураған ағаштарды жинап, арту және шығару жәе т.б. жұмыстар.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға нақты үлес қосылды.
Сонымен қатар, тазалық жұмыстары қала тұрғындарының жиі серуендейтін орны – “Кең баба” саябағы аумағында да жүргізілді. Бұл қоғамдық демалыс орнының санитарлық тазалығы мен экологиялық жағдайы әрдайым басты назарда. осыған байланысты, аталған аумақта қоқыстан тазарту және абаттандыру шараларын жүргізу тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз демалуына мүмкіндік береді.
Шымкент қалалық әкімдігі
Әл-Фараби ауданы әкімдігі “Таза Қазақстан” акциясы аясындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруды көздеп отыр. Осыған байланысты, аудан әкімдігі алдағы уақытта да аудан тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, аумақтық сенбіліктерге белсенді түрде қатысуға және тұрмыстық тазалықты сақтауға шақырады.
Табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті. Экологиялық қауіпсіздік – ұлт саулығының, ұрпақ болашағының кепілі.

Сәйкес жаңалықтар

Туристік саладағы мәселелер бойынша бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

bairakkz

Қанша адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

bairakkz

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

bairakkz