Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтарОқиғалар

Қазақстанда Starlink спутниктік интернет қызметтері іске қосылды

Freepik

2025 жылғы 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік интернет қызметтерін ресми түрде ұсына бастады, деп хабарлайды bairak.kz.

Бұл еліміздің тұрғындарына SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосылуға мүмкіндік береді.

2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талаптарды орындауды қамтиды.

Starlink технологиясы шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Тарифтер, қосылу шарттары және қосымша ақпарат SpaceX компаниясының ресми сайтында жарияланды: https://www.starlink.com/

Сәйкес жаңалықтар

Лев Черепанов Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

bairakkz

Ұлыбританияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

bairakkz

«О бастан үйретіп тастаймын». Гүлзира Айдарбекова келіндерін қалай тәрбиелейтінін айтты

bairakkz