Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Ақтауда теңіз жағалауында сенбілік өтті

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының мамандары мен “SHABYT” Өнер-білім академиясының және «UNICEF» еріктілері Ақтау қаласына іргелес Ақжелкен тұрғын алабы аумағындағы теңіз жағалауында сенбілік ұйымдастырды,  деп хабарлады bairak.kz.

Іс-шараға 40-қа жуық адам қатысты.

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы

Сенбілік барысында қатысушылар жағалаудағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, аумақтың тазалығына үлес қосты. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы

Орталық басшысының орынбасары Меруерт Құрманғазықызы акцияға қатысты пікір білдіріп, оның маңызы туралы айтты.

«Біздің басты мақсатымыз – жастарды туған жердің табиғатын қорғауға, айналаны таза ұстауға шақыру. Мұндай іс-шаралар тек тазалық үшін ғана емес, экологиялық жауапкершілік пен ұжымдық бірлікті арттыруға да ықпал етеді. Алдағы уақытта да табиғатты аялауға бағытталған жобаларды тұрақты түрде жалғастырамыз», — деді ол.

Сәйкес жаңалықтар

135 шақырымдық ASSYL TULPAR бәйгесі өтеді

bairakkz

Михаил Шайдоровтың өнеріне Джеки Чан риза болды

bairakkz

«Бекзат Саттархановтың өлімі сабақ болу керек еді». Амалбек Тшанов боксшыларға ренішін білдірді

bairakkz