Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Үкімет әлеуметтік масылдықты, алаяқтықты қолдап келді – Тоқаев

Фото: freepik.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауына масылдыққа салынып, мемлекетке алақан жайып отырған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды bairak.kz.

Президенттің айтуынша, «бір кездері біздің әлеуметшілер жеңілдетілген төлем төленетін жааң санат – толық емес отбасы категориясын ойлап тапқан». Соның салдарынан ажырасу саны күрт артып кетті.

Сол себепті көрсеткіштер бойынша біз бір кездері әлемдік антилидерлер тобына қосылдық. Мұндай мысалдар аз емес. Біз жалқаулық пен масылдықты өзіміз көтермелеп отырмыз. Мемлекеттен жәрдемақы алып, соның ішінде әр отбасының мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек төленсе, жұмыс істеп не керегі бар?! Басқаша айтсақ, Үкімет әлеуметтік саладағы ақылға қонымды шешімдердің орнына кемі он бес жыл бойы әлеуметтік масылдықты, әлеуметтік алаяқтықты қолдап келді, — дейді Тоқаев өз Жолдауында.

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға қандай жәрдемақы қарастырылған

bairakkz

ЯБЛОНЕЦПЕН ТЕҢ ТҮСТІ

bairakkz

«Нұрикамал» әнінің авторы Дулат Исабековтің асынан кейін сынға ұшырады

bairakkz