Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Қырғызстанда астананы көшіру мәселесі талқыланып жатыр

Фото: Turmush

Қырғызстанда ел астанасын Бішкектен Манас қаласына көшіру мүмкіндігі жөнінде пікірлер айтыла бастады. Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы әрі Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Камчыбек Ташиев мәлімдеді, деп хабарлайды bairak.kz тілшісі AKIpress-ке сілтеме жасап.

 «Астана болуға лайық болсақ, неге болмасын?»

«Егер біз оған лайық болсақ, неге болмайды? Алла қаласа, болады. Бірақ ол үшін қаланы да, халықты да дайындау керек. Астана болу оңай емес — қалаға көп қаржы бөлінеді, оны жаңғырту қажет. Қазір көріп отырғандарыңыздай, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қаланы заманауи етуіміз керек», – деді Ташиев 11 қазанда Манас қаласының мектеп директорларымен кездесуінде.

Оның айтуынша, Манас қаласы 2026 жылы республикалық маңызы бар үшінші қала мәртебесін алады.

Сондай-ақ Ташиев қаланың атауын өзгерту шешімін стратегиялық тұрғыдан дұрыс деп бағалады.

 Манас қаласы туралы

Бұған дейін, 17 қыркүйекте, президент Садыр Жапаров тиісті заңға қол қойып, Жалал-Абад қаласы ресми түрде Манас болып қайта аталған еді.

Манас — Қырғызстандағы үшінші ірі қала, Жалал-Абад облысының әкімшілік орталығы.
Қала елдің оңтүстігінде, Ферғана жазығында орналасқан.
Халық саны — шамамен 184 мың адам.

Егер бастама жүзеге асса, Манас алдағы жылдары Қырғызстанның жаңа әкімшілік және экономикалық орталығына айналуы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

Asar Baspana қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

bairakkz

Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға қатысты бақылау күшеймек

bairakkz

Автокөлікті велосипедке алмастырайық: жолдағы қауіпсіздік апталығы басталды

bairakkz