Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Шымкентте төрт баласын жалғыз асырап отырған әйелді сот банктен арашалап қалды

egemen.kz

Шымкентте төрт баласын асырап отырған көпбалалы әйелдің қаржылық жағдайына байланысты сот банкроттық рәсім қолдану туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды bairak.kz.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А. есімді азаматшаның өзіне қатысты банкроттық рәсім қолдану туралы өтініші қаралды.

Сот мәліметіне қарағанда, өтініш берушінің кредиторлар алдындағы қарызы 6 миллион теңгеден асады. Оның тұрақты табысы жоқ, кәмелетке толмаған төрт баласын жалғыз асырап отыр, жалдамалы пәтерде тұрады және меншігінде мүлік жоқ.

Қарыздардың көп бөлігі отбасын қамтамасыз етуге, балалардың жағдайын жақсартуға, емдеу және қалпына келтіру шараларына қажетті қаражаттың жетіспеуінен алынған. Бұрынғы күйеуінің қолдауының болмауы да отбасының жағдайын қиындатқан. Сонымен қатар, әйелдің жұмысқа орналасуы балаларға қарау міндеттері мен жұмыс берушілердің жиі бас тартуы себепті қиындық туғызған.

Сот қарыз мөлшерінің 1600 айлық есептік көрсеткіштен асып кеткенін, берешектің 12 айдан астам уақыт өтелмегенін және қарызды өндіріп алу шаралары нәтиже бермегенін анықтады. Өтініш берушінің мүлкі мен басқа табыс көздері жоқ екені расталды. Бұған қоса, оған бұған дейін банкроттық рәсімі қолданылмаған.

Қаржы менеджері сотқа азаматшаның нақты төлем қабілетсіз екенін растаған.

Сот шешімімен А. есімді азаматшаның өтініші қанағаттандырылып, оған қатысты банкроттық рәсімі ресми түрде енгізілді. Әлеуметтік осал топқа жатуына байланысты қаржы менеджерінің қызмет ақысы республикалық бюджеттен төленеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сәйкес жаңалықтар

Таразда түрмеден шыққан ер адам әйелін үйімен бірге өртеп жіберді

bairakkz

Тоқаев Путин шақырған Мәскеудегі Жеңіс шеруіне барады

bairakkz

Шерзат Болат ісі: адвокаттар жарыссөзде марқұмның әкесін айыптады

bairakkz