Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Көлік алудың жаңа тетігі: автосалондар лизинг шарттарын жариялайды

Фото: euroexpresscredit.ru

Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автокөлікті лизингке алу бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында хабарлады, деп хабарлайды bairak.kz.

Вице-министрдің айтуынша, ішкі сауда заңнамасына тиісті түзетулер енгізіліп, автолизинг тетігі қарастырылған. Жеке тұлғалар жаңа автокөлікті лизинг арқылы алып, кейін оны сатып алу немесе кері қайтару құқығына ие болады. Коммерциялық шарттар мен пайыздық мөлшерлемелерді әр автосалон өздігінен белгілейді. Сонымен қатар, жеңілдетілген несие шарттары бойынша көлікті беру құзыреті Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қатысты болып, ішкі регламент осы ведомство тарапынан пысықталады.

Бұл жаңа тетік арқылы халыққа автокөлікті лизингке алуға мүмкіндік жасалады. Қазақстанда шығарылған көліктердің сатылымына қолайлы жағдай туғызылады, – деді Айдар Әбілдабеков.

Еске салсақ, 1 желтоқсаннан бастап автокөлікті жеке тұлғаларға лизингке беру бағдарламасы ресми түрде іске қосылады. Қазіргі таңда лизинг тек заңды тұлғаларға, яғни автопаркі бар компанияларға ғана қолжетімді.

Лизинг – ұзақ мерзімге автокөлікті немесе техниканы жалға беру түрі. Лизинг компаниясы мүлікті сатып алып, оны келісілген мерзімге пайдалануға береді. Жалға алушы ай сайын немесе келісім бойынша төлем жасап, автокөлікті пайдалана алады.

Сәйкес жаңалықтар

Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігін сынап тастады

bairakkz

ЕЛДІҢ БАТАСЫН АРҚАЛАҒА ЕГІЗ ҚЫЗ ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz

ПЕЛЕ: МЕССИГЕ МАҒАН ЖЕТУ ҚАЙДА…

bairakkz