Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

«Халық бухгалтері» акциясы 1 қаңтардан бастап басталады

Фото: Pexels

2026 жылдың 1 қаңтарынан салық саласымен тікелей жұмыс істейтін мамандарға арналған «Халық бухгалтері» акциясы іске қосылады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкіметтің отырысында хабарлады, деп хабарлайды bairak.kz.

Министрдің айтуынша, акция кәсіпкерлерге бухгалтерлік қызмет пен салықтық мәселелер бойынша қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады. «Биылғы 19 желтоқсанда бухгалтерлер қауымдастығымен өткен кездесуімізде бастамамыз кең қолдау тапты», — деді Мәди Такиев.

Акция аясында азаматтарға ресми онлайн-ресурстар арқылы консультациялар беріледі. Арнайы Telegram-арна құрылады, сонымен қатар вебинарлар онлайн және оффлайн форматта ұйымдастырылады.

Оған кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары қатысады. Акция 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында микро және шағын бизнесті қолдау шаралары да талқыланған.

Сәйкес жаңалықтар

Жители Алакольского района активно участвуют в выборах

bairakkz

«Атын естігенде жүрегім жарылады»: эфирден Мақпал Жүнісованы көрген көрермен жылап қалды

bairakkz

TAS Group жас кәсіпкерлерді қолдауға 115 миллион теңге бөлді

bairakkz