Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

2026 жылы инфляция 10–12% деңгейінде болады — экономист

ozgeris.info

Экономист Айдархан Құсайынов 2026 жылы Қазақстан экономикасының дамуына қатысты болжамын айтты.

Сарапшының пікірінше, алдағы жылы елдегі инфляция деңгейі 10–12 пайыз шамасында сақталады. Осыған байланысты ол базалық мөлшерлемені төмендету орынсыз деп есептейді.

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі екіталай. Егер ондай шешім қабылданса, бұл экономикалық емес, саяси себептермен байланысты болуы мүмкін. Алайда мұндай қадам экономикаға тиімді емес. Керісінше, қазіргі жағдайда мөлшерлеме одан да жоғары болуы тиіс әрі оны кезең-кезеңімен арттыру қажет, — деді Айдархан Құсайынов.

Экономист теңге бағамына қатысты нақты болжам жасау қиын екенін атап өтті. Оның айтуынша, айырбас бағамы көбіне саяси шешімдерге тәуелді. Техникалық тұрғыдан теңгені Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер арқылы ұстап тұруға мүмкіндік бар, себебі оған жеткілікті ресурс бар. Алайда бұл ішкі экономикалық теңгерімсіздікті күшейтуі мүмкін.

Сонымен қатар сарапшы 2026 жылы экономикалық өсім қарқынының баяулауын болжап отыр. Негізгі себеп — Ұлттық қордан бюджетке бөлінетін қаражаттың қысқаруы.

Келесі жылы экономикалық өсім бәсеңдейді деп ойлаймын. Себебі бюджетке Ұлттық қордан түсетін трансферттер азаяды. Бюджет кірістері мұнай табыстары есебінен емес, қайта бөлу тетігі арқылы қалыптасады. Бұл бизнес пен халыққа түсетін салықтық жүктеменің артуына әкеледі. Нәтижесінде фискалдық ынталандыру әлсіреп, экономика баяулайды, — деп түйіндеді Айдархан Құсайынов.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін басты өзгерістер

bairakkz

Алматыдағы қайғылы жол апаты: Әл-Фараби даңғылындағы «жарысқа» полицияның қатысы бар ма?

bairakkz

Олимпиадада жүлде алған моңғол қызы Қазақстан азаматтығынан бас тартты

bairakkz