Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Астанада әйелді алты ай бойы аңдыған ер адам сталкинг үшін сотталды

ІІМ

Астана қаласының тұрғыны жәбірленушінің өзімен қарым-қатынас орнатуға келіспейтінін біле тұра, оны алты ай бойы жүйелі түрде қудалаған.

Ер адам байланысты тоқтату туралы талаптарды, мессенджерлердегі бұғаттауды және қолданыстағы қорғау нұсқамасын елемей, жәбірленушінің тұрғылықты және жұмыс орны маңында аңдып жүрген. Сондай-ақ оның келісімінсіз бейнежазбаға түсіріп, психологиялық қысым көрсеткен.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы жәбірленушінің жеке бас бостандығына, қауіпсіздігіне және жеке өмірінің қол сұғылмаушылығына нұқсан келтірілгенін дәлелдейтін толық әрі жан-жақты айғақтарды ұсынды.

Сот шешімімен ер адам сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды және моральдық зиянды өтеу міндеттелді. Сонымен қатар оның бұған дейін бостандығын шектеу жазасын өтеп, белгіленген талаптарды бұзғаны ескеріліп, өтелмеген жаза бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, заңсыз қудалау (сталкинг) үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.

Сәйкес жаңалықтар

Кербұлақ ауданында сайлау науқаны мерекелік көңіл-күйде өтуде

bairakkz

Шетелдегі қандас талапкерлер үшін оқуға түсу талабы жеңілдетілді

bairakkz

Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне арналған бокс турнирі мәресіне жетті

Ришат