Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Ұшуды армандап отырмын — Жазира Байырбекова

Фото: видеодан скрин

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде Біріккен Араб Әмірліктерінен видео жариялап, оқырмандарының көңілін толқытты.

Әнші видеода өзінің аман екенін айтып, елге оралуды армандап отырғанын жеткізді. Ол бейнероликте «Келші, айым» әнін орындап, көрермендеріне жылы сәлем жолдады.

«Амандығымызды білдіретін БАӘ елінен позитив видео болсын!» – деді ол ән айтып.

Жазира Байырбекованың айтуынша, жарияланған қысқа видео бастапқыда тек сторис ретінде салынған. Бірақ кейін ол түрлі әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында кеңінен таралып кеткен.

Әнші алаңдап хабарласқан жанкүйерлеріне алғыс айтып, ешкімді уайымдату ниеті болмағанын түсіндірді. Өнер иесінің сөзінше, олар қазір Маскат қаласында (Оман).Қазақстан елшілігінің мәліметі бойынша, Қазақстаннан жіберілетін арнайы ұшақтарға алдымен:

аяғы ауыр әйелдер

I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтар

5 жасқа дейінгі балалар

қарт адамдар

отырығызылып жатыр.

Жазира Байырбекова бұл санатқа кірмейтінін айтып, өзге елдер арқылы елге қайту мүмкіндігін күтіп отырғандарын жеткізді.

Әнші Қазақстанда жоспарланған концерттеріне билет алған көрермендерден кешірім сұрады. Егер уақытында үлгермесе, концерттердің басқа күнге ауыстырылатынын айтты.

«Аман-есен жеткен соң басқа күнге ауыстырамыз. Жақсылықта қауышайық», – деді әнші.

Желі қолданушыларының реакциясы

Әлеуметтік желіде көпшілік әншіге қолдау білдірді. Пікірлердің арасында:

«Алла жар болсын»

«Елдің батасы қабыл болғай»

«Жүрек елжіреді»

«Бір Аллаға тапсырдық»

деген жылы тілектер көп жазылған.

Сәйкес жаңалықтар

Сайлаушылар 54,19% қатысты – алдын ала қорытынды

bairakkz

Ақтөбеде дзюдодан Президент Кубогы өтеді

Ришат

Есімім орысша болғанымен таза қазақпын — Ресейде тұратын боксшы Сергей Липинец

bairakkz