Бұған дейін Жаңа Конституцияны сынағаны үшін 10 күнге әкімшілік қамауға алынған Оразалы Ержанов 10 күндік мерзім аяқталған соң сот шешімі бойынша екі айға қамауға алынды.
Бұл ақпаратты журналист Вадим Борейко жария етті.
2026 жылғы 5 наурызда, сағат 20:50-ден кейін, Оразалы Ержановқа тағайындалған 10 тәулік қамау мерзімі аяқталған соң, оны тағы екі айға қамауға алды. Бұл туралы адвокат Виталий Воронов хабарлады, деп жазды ол.
Айта кетейік, осы оқиғамен байланысты ҚТЖ-ның еншілес компаниясының басшысы пара алу күдігімен ұсталған. «Қазтеміртранс» АҚ Алматы филиалының директоры Ақылбек Базенов ұсталғаны расталды.
