Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстанда шетелдіктерге арналған жаңа казино аймақтары ашылуы мүмкін

Midjourney нейрожелісі көмегімен

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, елдің бірқатар жаңа өңірлерінде казино және өзге де ойын-сауық нысандарын ашуға мүмкіндік беріледі.

Тиісті толықтырулар «Ойын-сауық мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың (олардың кассаларының) орналасу орындары» туралы бапқа енгізілген.

Жаңа нормаларға сәйкес, ойын бизнесі нысандарын Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданында, Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, Марқакөл аумағында және Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында орналастыру қарастырылған.

Сонымен қатар заңда казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, тарихи-мәдени маңызы бар жерлерде, сондай-ақ қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік мақсатындағы жерлерде орналастыруға тыйым салынатыны нақты көрсетілген.

Заңға енгізілген жаңа тармаққа сәйкес, аталған өңірлерде ашылатын казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға тек шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ осы мекемелердің қызметкерлері мен қызметтік міндетін атқару мақсатында жүрген өзге тұлғалар ғана кіре алады.

Еске салсақ, бұған дейін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мақұлданған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда Қарғалы өзенінің түсі өзгеріп кеткен

bairakkz

Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

bairakkz

Астанада ғалымдар еуропалық құндылықтар эволюциясын талқылады

bairakkz