Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тағы сынға ұшырады

Астана күніне арналған кеште ән айтқан Мөлдір Мұқанова сынның астынды қалды, деп хабарлайды  bairak.kz.

6 шілде – Астана күніне арналған мерекелік концерт барысында танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, тележүргізуші әрі актриса Мөлдір Мұқанова сахнада ән шырқап, көпшіліктен әнін бірге орындауды өтінген. Алайда бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Кейбір желі қолданушылары оның сахнадағы өзін ұстау мәнері мен өнерін сынға алып, түрлі пікірлер жазды.

«Қандай ән екен өзі, 45 әні бар адам сияқты», «Ән айтпай-ақ қойсаң», «2 ән айтса, концерт берейін деп тұр ғой», «Сахнада өзін ұстауы, қимыл-қозғалысы ерсі. Ашық айтсам, Мөлдірге сахна жараспайды», «100 әні бардай түрімен», «Басқа әні бар адам сияқты», деген сыни пікірлер жиі кездеседі.

Айта кетейік, Мөлдір Мұқанова бұған дейін де шығармашылықпен айналысып, сахнада әртүрлі рөлдерде көрінген.

Сәйкес жаңалықтар

Астана-1 вокзалының жаңа бөлігі қазан айының соңына дейін жаңғыртылады

bairakkz

«Аттың жалына байлап сүйреген»: Жетiсу облысында ер адам әйелін азаптап өлтірді

bairakkz

Әлемдік рейтингке енген қазақстандық жеңіл атлеттер

Ришат