Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Тоқаев Трампқа жауап берді

Ақорда

Мемлекет басшысы Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап берді, деп хабарлайды bairak.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан АҚШ-тың бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі екенін айтты. Әрі әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейінділігін де атап өтті.

Президент сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Мемлекет басшысы АҚШ-пен сауда мәселесіне қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Трамп Қазақстаннан баратын импорттық тауарға 1 тамыздан бастап 25% көлемінде баж салығын енгізетінін мәлімдеп, Тоқаевқа хат жазған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркияда емделіп жатқан Ербаян Мұхтарға қатысты қуанышты хабар айтылды

bairakkz

2025 жылдан бастап медициналық қызметтердің тарифтері өзгереді

bairakkz

Атырауда шартты түрде босатылған азамат қайта қамауға алынды

bairakkz