Әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы жетінші сәбиін дүниеге әкелді.
Көпбалалы ана әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентер жазба жариялап, оқырмандарымен ішкі сезімімен бөлісті. Айта кетейік, ол бұл жолы төртінші рет кесарь тілігі арқылы босанған.
«Ананың бойындағы қорқыныш пен үміт қатар жүретін қандай сәт. Іштей өзімді бәріне дайындап келе жатырмын. Дәл сол сәтте көз алдыма тек балаларым келе берді… Оларға аман оралудың осыншалықты бақыт екенін түсіндіріп қояды ғой. Алланыкі екенімді осы екі өмірдің ортасында қатты сезіндім. Күнделікті өмірде ауыз сөйлей береді екен».
Толқын Тұрарбекқызы бұл сөздерді көз жасына ерік бере отырып жазғанын жеткізді.
Желі қолданушылары көпбалалы анаға жылы лебіздерін білдіріп, денсаулық пен сабыр тіледі.
